Атырау, 22 қараша 23:45
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Мысыр полицейлеріне сақал өсіруге құқық берілді

2 459 просмотра

Мысыр полицейлері енді сақал өсіруге құқылы, ал запасқа жіберілген және жұмыстан босатылған сақалдылар енді өз қызметтеріне қайта орала алады, деп жазады euronews

Республиканың жоғарғы әкімшілік соты Ішкі істер министрлігінің қырынбаған тәртіп сақшыларына қарсы берген арыз-шағымын қайтарып тастады. Исламшылдарға қарсы күрес аясындағы Хосни Мүбәрактің режимі кезінде мемлекеттік қызметкерлерге сақал қоюға тыйым салынған болатын.

«Жаратқанға шүкірлік, шешім біздің пайдамызға шығарылды. Александриядағы сот бізге өз қызметімізге оралуға рұқсат еткенімен, ІІМ бізге қарсы тағы арыз-шағым берді. Бірақ бүгін ақтық шешім шығарылды. Сондықтан ІІМ біздің өз жұмысымызға оралуға рұқсат етуге міндетті», – дейді сақалды полицей.

Исламшылдар Хосни Мүбәрак режимі кезінде жасырын жүретін. Мысырдың қазіргі президенті Мұхаммет Мурси сайлау алдындағы өз компаниясы кезінде тәртіп сақшыларының сақал өсіргеніне қарсы емес екенін мәлімдеген. ІІМ шығарған тыйымға өткен жылы қарсылық акцияларын ұйымдастырғандар – сақалды діннің міндетті нышаны деп санайтын мұсылман-полицейлер болатын.

Дереккөз: bnews.kz

22 ақпан 2013, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.