21 ақпанда сағат 18.30-да Нұрсая ықшамауданында ерекше жол-көлік апаты орын алды.
«Мицубиси-Паджеро» джипінің жүргізушісі «Лидер» дүкенінің жанына тоқтамақ болғанда дер кезінде тежегішін баса алмай қалып, шағын маркеттің терезесіне соғылып, терезенің төменгі жағындағы кірпіш қалауының бір бөлігін құлатып тастаған. Куәгерлердің айтуынша, «Мицубисидің» ішінен шыққан шамамен 50-60 жастардағы жүргізуші мен оның жолаушысы аяқтарын әзер басып тұрған екен. Жүгіріп келген дүкен күзетшілері олардың көліктерінің кілтін алып, жол полициясын шақыртыпты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор