Сирия мемлекеттік телевидениесі Мазра ауданында орын алған лаңкестік оқиғасы жөнінде хабарлайды, SANA агенттігінің деректеріне сәйкес, «жарылыстан көптеген бейбіт тұрғындар қаза тапты және жараланған».
Оқиға орнында жұмыс істеген «жедел жәрдем» дәрігері «мен өзім 40 адамды жөнелттім, бірақ зардап шеккендердің саны одан едәуір көп» деп мәлімдеді.
Сирияда Башар Асадтың отставкасын талап етіп отырған оппозиция мен үкіметтік жасақтар арасындағы қақтығыс 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасуда. БҰҰ мәліметтерінше, осы кезеңде 70 мың адам опат болды.
Дереккөз: ҚазАқпарат