АСТАНА, 21 ақп –Қазақстан жаңалықтары АА. 2017 жылға қарай «Астана» халықаралық әуежайы жылына 20 мыңға дейін рейсті қабылдап, жөнелтетін болады деп мәлімдеді бейсенбіде елорда халқының алдында есеп беріп жатқан қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов.
« 2017 жылға қарай жылына 20 мың рейсті қабылдап, ұшыру және 5 млн жолаушыны күтіп, шығарып салу жоспарлануда»,- деді Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, 2011 жылы " Астана" халықаралық әуежайы 15 мыңнан астам рейсті қабылдап, жөнелтті, 2,3 миллион жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл ретте ең жоғарғы жолаушыларды өткізу қабілеті «қарбаластық» уақытында сағатына 750 жолаушыны құрады.
Дереккөз: newskaz.kz