Яблочный өткеліндегі екі 2 қатарлы үйдің тұрғындары «АЖ»-ға екі айдан бері ыстық сусыз отырғандарын айтып, шағымданған еді.
«Іркілістер өткен жылдың қазанынан басталған, ал қаңтардан бастап ыстық су мүлдем тоқтатылды,- деп жазады олар. – Ыстық су кранынан салқын су ағып тұр. Қала орталығында тұрамыз деп жүрміз. Біз жылу желілері басшылығына ұжымдық хат жазғанбыз, алайда олар су келмеудің себебін іздеудің орнына пәтерлерді аралап, осы хатқа шын мәнінде қол қойғандарымызды сұрап жүр. Мұның қандай мәні бар? Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері пәтерлерді өз жұмыс уақыттары кезінде ғана аралап жүреді, бұл уақытта біз де жұмыста боламыз».
Бұл хатта тұрғындар ыстық су беруді қалпына келтіріп, 2013 жылдың қаңтарынан бастап кері есептеу жүргізуді сұрайды. Өйткені осы уақыттан бері олар монополист қызметін пайдаланған жоқ қой.
Редакцияның сұранысына «Атырау жылу желілері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ былай жауап қайтарды:
-«Атырау жылу желілері» АҚ мамандары Яблочный өткеліндегі №1 және №3 үйлерді тексерді. Оңдау жұмыстары жүргізілді, су жүретін крандардағы су температуралары шарт талаптарына сәйкес келеді.
№1 пәтердің иесі зейнеткер Любовь БЕНДЕРДІҢ айтуынша, 15 ақпанда күндіз ыстық су беру қалпына келтірілген.
Ал кері есептеу жөнінде «Атырау жылу желілері» АҚ вице-президенті Андрей ЖАНДИН былай деді:
- Біз ақпараттарды АЖЭО-ның өткізу және сату бөліміне береміз, тұтынушылармен болатын барлық есептесулерді осы бөлім жүргізеді.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА