Атырау, 23 қараша 19:15
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысының Құрама штаттары

3 035 просмотра

Біздің «Тығырыққа тірелгендер» («АЖ», №6, 07.02.2013 жылғы) жарияланымымыз резонанс тудырған еді. Естеріңізге салсақ, №1 мектеп-интернаттың түлегі Эльмира ТОКАЖУКОВА (суретте оң жақта) отбасымен және оның тағдырлас құрбысы, өзі секілді жетім қыз Лидия ФИЛЮШИНА (суретте сол жақта) заң бойынша өздеріне тиесілі баспана алу үмітімен кеңселердің табалдырығын тоздырғанына көп болды. Әзірге Эльмира күйеуімен және екі кішкентай сәбиімен бірге Бірінші учаске маңында шағын уақытша баспананы жалдауда. Ал Лидия екі жасар қызымен бірге өзі бармен боп жұмыс жасайтын кафенің VIP-бөлмесінде тұрады.

Жарияланымнан кейін осы іс орнынан қозғалды. Балалар үшін балабақшаларға орындар беріледі деп уәде етіліп, бастысы, отбасыларға Атыраудан емес, Махамбет поселкесінен баспана ұсынған. Рас, пәтерлерде су да, кәріз де жоқ екендігі анықталды. Дегенмен, тек өз баспанамыз болса екен деп, Эльмира мен Лидия бұған да келісуге дайын еді. Бірақ бұл жерде бір қайшылық туындады: олар ешқашан бұл пәтерлерді жекешелендіре алмайды және пәтер төлемақысынан басқа ай сайын 2400 теңге жалдау ақысын төлеуі тиіс екен. Олардың шағын табыстары мен төлемақының өмір бойы төленетінін ескерсек, бұл сома әжептәуір. Бастысы – олардың жеке меншігі болмайды.

Жетімдер үшін баспана алып беру және құжаттар дайындаумен айналысуы тиіс №1 мектеп-интернаты директорының орынбасары Айсұлу ҚАДЫРЖАНОВАҒА соғылған қоңырауымыздан ештеңе шықпады. Ол мені Махамбет селолық округіне сілтеді. Бірақ ол жердегілер де бұл мәселенің мәніне қатысты ештеңе айта алмады. Қазіргі уақытта «АЖ» сауалы Махамбет ауданы әкімінің деңгейінде қарастырылуда.

Бұл ахуалды күтпеген жерден Жасөспірімдер үйінің директоры Гүлшара САРБАЕВА түсіндіріп берді. Бос орын болған жағдайда оқу бітірген интернат балалары осы мекемеге келіп түседі екен (егер олар отбасын құрмаған болса):

- Бізде Америка Құрама Штаттары секілді әр ауданның өз заңы бар, - дейді Г. Сарбаева. – Мен жетімдерге арналған баспанаға қатысты айтып отырмын. Егер жетімдер Исатай, Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарынан баспана алса, олар ешқашан оны жекешелендіре алмайды және оны жалға алу ақысын төлеуге тиіс. Жылыой және Мақат аудандарында ереже басқаша: ол жерде баспананы жеке меншікке ешқандай төлемақысыз береді. Ал заң барлық жетімдер үшін біреу ғой. Бұл мәселені мен әлденеше рет көтердім, бірақ нәтиже жоқ. Бәлкім, енді осыдан үлгі алып, барлық аудандар үшін ережелерді заңға сәйкестендіретін шығар.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қ анат ЕЛЕУОВ

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.