
4 ақпан күні сағат 01:30 шамасында Атырауда Баймұханов көшесінде орналасқан кафелердің бірінде 1985 ж.т. және 1981 ж.т. екі қала тұрғыны өзара келіспей, төбелесіп қалды. Жанжал кезінде біреуі екіншісіне ішінен және кеудесінен үшкір затпен жарақат салған. 37 жастағы жаралы азамат облыстық ауруханаға жеткізілген.
41 жастағы күдікті ұсталып, одан ашылып-жабылатын пышақ тәркіленді. ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0