Атырау, 7 қазан 23:26
 ашықВ Атырау +21
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС​-не қарсы қылмыстық іс қозғалды

1 586 просмотра

Атырау облысы бойынша БҚДАД және ЭТД өңірдегі үстем жағдайға ие «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты монополияға қарсы қылмыстық іс ашты, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

«Қазақстан Жанармай Қауымдастығы 1» ЗТжЖКБ-нің өтініші негізінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті монополиялық үстем жағдайды теріс пайдалану, монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС газ желісі ұйымына қатысты тергеп-тексеруді бастады.

Бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС Атырау облысының географиялық шекараларында сұйытылған мұнай газын (СМГ) қайталама-көтерме саудада өткізу нарығында үстем жағдайға ие екендігі анықталды.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аталған газ желісі ұйымының қызметіне тексеру жүргізді және оған өңірдің Монополияға қарсы департаментінің маманы қатысты. Тексеру нәтижелері бойынша 2019-2021 жылдары монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге қатысты монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды.

Тексеру нәтижелері негізінде Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғады, осыған сәйкес мемлекет бюджетіне монополиялық кірісті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Монополияға қарсы департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты тергеуді жалғастыруда, өйткені тексеру 2017-2021 жылдар аралығы бойынша жүргізіледі.

Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

10 ақпан 2022, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.