Атырау, 7 қазан 23:23
 ашықВ Атырау +21
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қызылқоғада ірі қара малы ауырып тұр, өлім-жітім жоқ

2 033 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Қызылқоға ауданында ірі қара малы арасында жұқпалы ринотрахеит, вирустық диарея аруларының шыққанына екі айға жуықтады. Сағыз ауылынан басталған жұқпалы дерт көрші ауылдардың малына тараған. Аурудың алғашқы белгілері - малдың температурасы көтеріліп, жемшөптен бас тартуы.

- Бүгінде ауру көп тіркелген Сағыз, Миялы, Мұқыр ауылдарына уақытша шектеу қойылды. Ол жерде облыстық эпизототряд жұмыс жасап жатыр. Вакцина да егілуде, қосымша аусыл ауруына байланысты малдардан анализ алынып, лабораториялық тексеруге жіберілді. Оның әлі нақты қорытындысы шыққан жоқ. Қазір 600-ге жуық ірі қарадан дерт табылса, 35 бастан басқасы емделді. Жалпы мал арасында бұл ауруға қатысты өлім-жітім жоқ, - дейді облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Қызылқоға ауданындағы бас ветеринар дәрігер Серікбай ЛАТИЕВ Жанкелдин ауылына да шектеу қою жөнінде нұсқаманы күтіп отырғанын жеткізді. Сағыз, Мұқыр, Миялы ауылдарында малдың қозғалысына (сырттан мал кіргізу, сыртқа мал шығаруға) уақытша тыйым салынған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА       

10 ақпан 2022, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.