Атырау, 25 желтоқсан 21:51
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасарларының тағы біреуі тұтқындалды

1 504 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

27 қаңтарда ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов тұтқындалған еді.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің үш бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр. Мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттерден бөлек, күдіктілерге "билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды" деген айып тағылды.

7 ақпан 2022, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.