Атырау, 26 желтоқсан 07:25
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Орал ПБ бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды

1 686 рет қаралды

Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шаралар барысында оның ұсталғанын нақтылады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

ІІМ лауазымға және атаққа қарамастан, пара алу және полицейлер жол берген азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерінің  жолын одан әрі де кесетін болады. Олардың кесірінен Қазақстан халқына қызмет ететін адал және таза полицейлердің атына кір келтіріледі. Қатардағыларды тазарту жалғасуда.
5 ақпан 2022, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.