Атырау, 23 сәуір 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қазақстан құрамасының формасы Бейжің Олимпиадасында ең мәнерлі киімдер қатарына кірді

1 298 просмотра

Халықаралық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы ұлттық құрамалардың ең стильді формаларын назарға ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық атлеттердің экипировкасы да бар деп жазады Olympic.kz. 

«Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды». ХОК ұсынған тақырып осындай. «Ақ және көк түстер мұз бен қарды белгілесе, қара түс сәттілік түсі саналады», - деп атап өткен  Халықаралық Олимпиада комитеті. 

Сондай-ақ, ХОК Forbes журналының пікірін де еске салды. Олар қазақстандық спортшылардың экипировкасын сәнді киімдер қатарына енгізген. Айта кетелік, америкалық басылым Қазақстанның олимпиадалық формасын ең стильді эпикировкалар қатарына енгізген болатын. 

Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты. 

Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанмен қатар, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашыларының образын да ерекше атап өткен. 

4 ақпан 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.