Атырау, 22 желтоқсан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды

1 630 рет қаралды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

"Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ұстады", - делінген ақпаратта.

Ниязовқа қатысты сот қаулысымен екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

4 ақпан 2022, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.