Атырау, 25 сәуір 11:32
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Елде күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер жетпей жатыр

1 537 просмотра

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжау департаментінің деректері бойынша Қазақстанда биыл жалдамалы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 млн адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалдамалы жұмысқа әлі 188,6 мың адам қажет болса, оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұранысына сай келеді. Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер болып қала береді.

Өңірлер бойынша неғұрлым елеулі жиынтық сұраныс, жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру бойынша сұранысты қоса алғанда, Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында орын алатын болады. Ал салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі.ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков

Сарапшылардың айтуынша, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескере отырып, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны биыл 11,4 млн адамға жетеді (2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 98 мыңға өседі).

Ағымдағы жылы жұмыс күшінің саны 9,2-9,3 млн адам болады, яғни жалпы өткен жылдың деңгейінде сақталады. Алайда біздің болжамымыз бойынша, еліміздің үш ірі қаласында экономикалық белсенді халықтың жиынтық саны осы қалалардағы жастар үлесінің артуы салдарынан және көші-қон себептері бойынша 54 мың адамға өседі.Дмитрий Шумеков

Сондай-ақ, болжамдарға сәйкес, жұмыссыздар саны 461-465 мың адам деңгейінде болады, ал жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспайды.

Білім беру жүйесі тарапынан орта мектепті шамамен 261 мың адам бітіреді немесе тастап кетуі мүмкін деп күтілуде, оның ішінде 109 мың адам – тоғызыншы сыныптан кейін, ал 152 мың адам – 11 (12) сыныптан кейін шығып кетуі ықтимал. Колледждерге осы саннан 131 мыңға жуық адам, жоғары оқу орындарына 103 мың адам барады. Қалған бұрынғы оқушылар қатарынан азаматтар Қазақстаннан тыс жерлерге шығады (~10 мың адам) немесе еңбек нарығына шығады (~17 мың адам).

Ағымдағы жылы ТжКБ-ны шамамен 145 мың адам табысты аяқтайды деп күтілуде, оның ішінде 90 мыңы – негізгі орта білім базасында және 49 мыңы – жалпы орта білім базасында, оның ішінде шамамен 16,4 мың адам жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастырады. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарынан жоғары білімі бар 163,5 мың адам және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 20 мыңға жуық адам шығады.

Жалпы алғанда, білім беру деңгейлері арасындағы күрделі ауысуларды ескере отырып, еңбек нарығына шамамен 295 мың жұмыскер қосылады деп күтілуде. Базалық сценарий кезінде жалдамалы жұмысшыларға қажеттілік, бұрын айтылғандай, 188,6 мың адам болады. Тиісінше, қалған 106 мың адам жеке немесе объективті себептер бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтуға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мәртебесіне көшуі мүмкін.

4 ақпан 2022, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.