Атырау, 4 тамыз 07:24
 дождьВ Атырау +22.1
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Сазан Ресейге жетпеді

1 705 рет қаралды

Атырау-Астрахан тас жолында 28 жасар Ресей азаматы 3 тонна сазанмен ұсталды.

Мұндай қыруар балық Құрманғазы аудандық ІІБ мен прокуратураның бірлескен рейді кезінде 8-ші разъезд тұсында тоқтатылған көліктің жүк салғышынан табылған. Көлік иесі сазандарды Исатай ауданы Жанбай селосынан сатып алып келе жатқанын айтқан.

- Бүгінде оның үстінен ҚР ҚК 183-баптың 1-бөлігі бойынша («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату») қылмыстық іс көтерілді, -дейді Құрманғазы аудандық прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.