Атырау, 23 қараша 18:50
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ісмерлер

4 157 просмотра

Мөлдір ЖАЛҒАС пен Айгүл МУСИНА – енді белгілі тігін шеберлері. Олардың жасап шығарған ұлттық киімдері, сәукеле және құрақ көрпелеріне сұраныс бар.

Мөлдір мен Айгүл - сөйлей алмайды, бұрын олар үйлерінде отырып іс тігетін.

- Бірақ біз өткен жылы мектептің психолог мұғалімдерімен бірге тігін цехы мен балаларды қолөнерге үйрететін жобаны жетілдірдік, - дейді Жылыой ауданындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ымдау тілі маманы Фариза НҰРЖАНОВА. Кейін бұл жобаны ТШО-ның қаржыландыруына ұсынып, келісімін алдық. Бөлінген 94 мың теңгеге 2 іс тігетін машина сатып алып, Мөлдір мен Айгүлді жұмысқа тарттық. 

Ал жуырда шеберлерге кәсіпкерлердің бірі демеушілік көмек жасап, қаладағы Махамбет даңғылы бойындағы көпқабатты үйден арнайы бір бөлме алып беріп, тағы бір тігін машинасын сатып әперген. Артынша тапсырыс берушілер көбейді.

- Біз ТШО-мен және басқа да компаниялар өкілдерімен кездесуде Мөлдір мен Айгүлдің тігін цехын жарнамалап, төсек жабдықтарына қажетті көрпе, көпшік тыстары, жаймаларға тапсырыс берулерін сұрадық. Бұл оларға жақсы көмек болар еді. Бізге күту ғана қалды! - дейді Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Серік ХАМИДОЛЛА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.