Атырау, 26 сәуір 16:36
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Дариға Назарбаева Nur Otan​ партиясының саяси кеңесінің құрамынан шықты

1 701 просмотра

Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің жаңартылған құрамы жарияланды. Ол тізімде мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жоқ. 

Сонымен қатар тізімде партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те көрінбейді. 

"389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды" - деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

"Әйелдердің үлесі 33,7 пайызға дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13 пайызға дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды.

Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты. ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды".

Партияның Саяси кеңесінің жаңартылған құрамында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ICRIAP басшысы Бағдат Мусин, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин сынды бірқатар мемлекеттік қызметкерлердің жоқтығын байқауға болады.

Партияның Саяси кеңесінің жаңа құрамы:


28 қаңтар 2022, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.