Атырау, 20 сәуір 02:58
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Павлодар облысының полиция департаментіне Василий Скляр басшы болды

1 751 просмотра

Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы болып Василий Скляр тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Василий Скляр тағайындалды.

Бүгін ІІМ басшысы полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды", делінген хабарламада.

Василий Скляр ІІМ бұйрығымен қызметтен босатылған Нұрлана Мәсімовтың орнына келді. 

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген.

2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген, заңгер, құқық магистрі. 

Олд бұған дейін түрлі лауазымды қызмет атқарған. Соның ішінде Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы; қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл; аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл; Солтүстік қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз полиция басқармасын басқарған. Арнайы атағы: полиция полковнигі.

28 қаңтар 2022, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.