Атырау, 23 сәуір 17:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Тұңғыш президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық – Тоқаев

1 362 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтті, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезінде.

Тоқаев қазақстандықтарды объективті әрі шыншыл болуға, тұңғыш президенттің тарихи еңбегін ұмытпауға шақырды.

"Өз өткенін қаралайтын халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр. Америка президенттерінде де, Қытай басшыларында да, тіпті бүгінде бәрі мадақтайтын Сингапур лидері Ли Куан Юде де кемшілік болған", деді президент.

Президент бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек екенін айтты.

"Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық", - деді ол.

Елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.

Съезге бейнеконференция режимінде саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдардың өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылды.

28 қаңтар 2022, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.