Атырау, 25 желтоқсан 21:49
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

1 711 рет қаралды


Елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп жатыр. XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Nur Otan партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.Қасым-Жомарт Тоқаев

Съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қатысуда.

28 қаңтар 2022, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.