Атырау, 3 мамыр 00:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Бұрынғы вице-министр мен "ӨКМ операторы" ЖШС-ның экс-басшысы қамауға алынды

1 307 рет қаралды

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 27 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Пірімқұловқа, Құмарғалиевке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.Нұр-Сұлтан қаласының соты

Еске салсақ, 26 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бұрынғы Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті ұстаған еді.

28 қаңтар 2022, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.