Атырау, 8 мамыр 22:34
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Кеден: шекара маңындағы теміржол станциясы басшылары қызметтен босатылды​​

1 798 просмотра

Қаржы министрлігі мен ҚТЖ Қорғас АЭА-да сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізді. Нәтижесінде Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол станцияларының басшылары өз қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі.

"ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев «KTZE-Khorgos Gateway» құрлық портының, «Нұр жолы» және «Алтынкөл» өткізу пункттерінің жұмысын тексерді.

Жұмыс сапары барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен кездесу өткізіліп, онда қазақстандық-қытайлық  шекарадағы бизнес жүргізудің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңыдағы теміржол станцияларының басшылары өз қызметтерінен босатылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

27 қаңтар 2022, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.