Атырау, 27 сәуір 09:13
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Самұрық-Қазына" басшысы: Біз жағымсыз тұлғаларды жұмыстан шығаруды ұсындық​

1 184 просмотра

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сатып алу мәселелері жөніндегі онлайн-кеңес барысында қор қызметкерлерінің жұмыстан қысқаруына қатысты пікір білдірді.

"Қорда өте күрделі реформа басталды.  нәтижесінде функцияларын жүзеге асырмаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар бірқатар лауазымды тұлғалар анықталды. Бізге келіп түскен барлық ескертулерді талдадық, көрдік. Осының нәтижесінде директорлар кеңесі мен компания басшыларына сатып алу мәселесіне байланысты барлық басшыларды лауазымдарынан босатуды ұсындық. 

Бұл популистік шара емес. Мен кез келген бұзушылықтардың негізінде адами фактор жатыр деп айтқан болатынмын. Бизнес пен қоғам тұрғысынан жағымсыз тұлғаларды жұмыстан шығару туралы ұсыныстар айтылды. Қазір бізде әлеуметтік желілер өте белсенді. Біраз тұлғаларға қатысты қоғамда жағымды пікір бар", - деді Сатқалиев.


27 қаңтар 2022, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.