Атырау, 28 наурыз 21:01
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі "өте құпия" түрде тергелуде

1 271 просмотра

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі "өте құпия" санатына жатқызылған, сол себепті сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Мәсімов К.К. және Садыкулова А.Т. қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ерғожин Д.Е қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қарастырылуда", - деп жауап берген ҰҚК агенттіктің сұрағына.

Басқарма іс Қылмыстық кодекстің үш бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқанын қосып өткен. Ұсталған азаматтар өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК департаменттің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғаны туралы жазылған.

27 қаңтар 2022, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.