Атырау, 24 желтоқсан 09:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады

1 142 рет қаралды

Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайдф sputnik.kz.

"Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқу әдісін енгізуді жоспарлап отыр. Біз жаңа формат – онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады", - деді вице-министр министрліктің алқа отырысында.

Жоғары оқу орындарында білім алу үшін берілетін грант саны 5 мыңға ұлғайтылады. Оның 60%-і техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар техникалық мамандықтарды игеруге тиіс екенін, оның ішінде шетелдік оқу орындарында білім алу мүмкіндігі туралы айтты.

Сонымен қатар, Қуаныш Ерғалиев президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім және ғылыми министрлігі "Болашақ" бағдарламасын қайта бейімдеу және реформалау бойынша жұмыстарды бастағанын атап өтті.

27 қаңтар 2022, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.