Атырау, 25 қараша 10:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Төлемесең, ұшпайсың

2 234 просмотра

Жергілікті әуежайда атыраулық кәсіпкерлердің бірін салықтық қарыздары үшін ұшаққа жібермеді. Ер адам өз жеке кәсіпорнының автокөлігі үшін үш жылға 1 млн теңгеден аса салықты төлегеннен кейін ғана келесі рейспен ұшып кетті.

Атырау облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры Жасұлан ЖҰМАҒАЗИЕВТІҢ айтуынша,әуежайдағыкәсіпкердіұстау 2013 жылғы 21.01-08.03 аралығында өтіп жатқан «Мемлекет алдындағы қарызды өтеу – азаматтың негізгі міндеті»акциясы аясындажүргізілген.

Акцияның мақсаты: жеке және заңды тұлғалардан өз уақытында төлемеген әкімшілік айыппұлдарды және мемлекет пайдасына төлеуі керек басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу.

- Салық және басқа да төлемдер бойынша борышкерлер туралы деректер қоры ІІД бөлімшелерінде енгізілген «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінде сақталады. Осы мәліметтер бойынша кәсіпкер ұсталды, - деп түсіндірді Жұмағазиев.

Акция басталған 15 күнде ықылассыз борышкерлерден 200 миллионнан астам теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.