Атырау, 4 қазан 15:57
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Дәрігерлер жетіспейді

7 376 просмотра

Соңғы үш жылда ана өлімі 3,2%-ға, бала өлімі 5,3%-ға төмендеді. Бұл сандар облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында айтылды.

Бұл істе 2011 жылы перинаталдық орталық және облыстық балалар ауруханасы базасында құрылған нәрестелерді емдеу және диагностикалау әдістерін, акушерлік қиындықтарды зерделейтін оқыту орталығы үлкен рөл атқарды.  Мұнда облыстың барлық өңірлерінен 682 маман – дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер тәлім алды.

Облысымызда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 1,5 жылға артты, ал өлім-жітім себептері ішінен бірінші орын алатын жүрек қан тамырлары ауруларымен ауыратындар 8%-ға азайды. Бұған облыстық аурухананың неврология бөлімі базасында ашылған нейроинсульт орталығы көп пайдасын тигізді.

Соңғы жылдары облысымызға 75 тәжірибелі мамандар шақырылды. Сонымен қатар, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша жас медицина қызметкерлері аудандарға аттанды (олардың 117-іне 12,4 млн теңге көтерме ақы бөлінсе, 58-і үй сатып алуға арналған тиімді несиелер алды). Осылардың есебінен кадрлар тапшылығы30%-ға төмендеді. Алайда дәрігерлер саны әлі де жетпейді. Атырау қаласына 152, аудандарға 68 дәрігер керек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «ЭксонМобил» компаниясымен 31 студентті медициналық жоғары оқу орындарында оқыту ақысын төлеуге келісімшарт жасады. Оның шарты бойынша олар оқуды бітіргеннен кейін Атырау облысында жұмыс жасаулары керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.