Атырау, 4 қазан 06:31
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қала атанады

1 845 просмотра

Таяу арада Алмалы селолық округі мен Береке елдімекені қала аумағына қосылады. Бұл туралы қалаәкімі Серік АЙДАРБЕКОВ Береке елді мекенінің халқымен болған кездесуде мәлім етті. 

Махамбет ауданының әкімі Ерлан ЖАҢАБАЕВТІҢ айтуынша, бұл туралы алғаш рет 2008 жылы айтылған екен. Алайда, аумақты оңтайландыру бойынша қайта ұйымдастыру мәселелері Махамбет ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына бөлінген қаржы азайып кететіні ескеріліп, кейінге қалдырылған.

Алмалы селосының тұрғындарыәкіммен кездесуде өздерінің коммуналды қызметтің төлемдерін қайта-қайта қалаға келіп төлеу қиынға соғуда екендігін жеткізді. Десек те, тұрғындардың басым бөлігі селолық округтің қалаға қосылуының пайдасы көп болады деп есептейді.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.