Атырау, 23 қараша 09:39
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайрат Түнтеков әншілер жинап берген ақшадан бас тартты

3 282 просмотра

Ақша баланың әкесіне берілді. ©Айжан ТүгелбаеваАқша баланың әкесіне табыс етілді. ©Айжан ТүгелбаеваАСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатын жасағаны үшін 40 тәулікке қамауға алынған әнші Қайрат Түнтековке қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық концерті өтті.

Бастапқыда Қазақстан эстрадасының жұлдыздары концертті Түнтеков жол апатында зардап шеккен бойжеткенге материалдық шығынды өтеп беруі үшін өткізуді ұйғарды. Бірақ әншінің өзі түскен қаражаттың барлығы анемияның ауыр түріне шалдыққан 10 жасар Темірлан Бейсенбековке берілгенін қалаған. Концерт барысында жиналған ақшалар сырқат баланың әкесі Төлеген Өтелбаевқа табыс етілді. Айта кетейік, барлық жарналар ерікті түрде жасалды және концертке кіру тегін болды.

«Жана ғана Қайраттан (автор - Түнтеков) хат алдым, онда ол ересек адам өз проблемаларын өзі шеше алатынын айтты. Ол барлық қаражатты қатерлі ісікке шалдыққан мұқтаж балаға беруді өтінді», - деп атап өтті концерт ұйымдастырушысы Ерлан Көкеев.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 ақпан 2013, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.