АҚШ-тағы Азамат соғысынан 148 жылдан кейін Миссисипи штатында құл иеленушілікке шектеу қойылды. Бұл туралы FoxNews телеарнасының сайтына сілтеме жасай отырып, filmpro.ru хабарлайды.Бұл олқылықты Миссисипи университетінің доценті Раджан Батра байқаған екен. «Линкольн» фильмін көргеннен кейін ол мұрағат құжаттарымен танысып шықпақ болған. Осылайша, ол өзі тұратын штатта заңды түрде қазірдің өзінде «құлды» сатып алып немесе сатып жіберуге болатындығын түсінген.
1865 жылы Линкольн Конституцияға енгізген құл иеленушілікті жоятын 13-ші түзетуді барлық штаттар қабылдап, тек Миссисипи ғана бас тартқан екен. Бұл мәселе бойынша дауыс беру тек 1995 жылы өтіп, ритификация үдерісі соңына дейін жетпей қалған. Енді міне, университет қызметкерлерінің сұрауы бойынша, ақпанның 7-сінде заңды түрде құл иеленушілікке шектеу қойылды.
Айта кету керек, атақты режиссер Стивен Спилбергтің «Линкольн» фильмі 2012 жылдың үздік туындыларының қатарында. Фильм 12 аталым бойынша «Оскар» сыйлығына үміткерлікке ұсынылып отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +4