Атырау, 23 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбек-қазақ шекарасынан мыңдаған адам өте алмай тұр

1 905 просмотра

Өзбекстанның Қазақстанмен шекарасында өткен жексенбіден бері мыңдаған өзбек мигранты шекарадан өте алмай жиналып тұр. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, "Гишт Куприк" шекара постының өкілі енді шекарадан тек жұмыс істеуге рұқсаты бар, немесе баратын елдегі жұмыс беруші компаниямен еңбек келісім-шартын жасасқандар ғана шекарадан өте алатынын айтқан.
Өзбекстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа ереже адам саудасына қарсы күресу үшін қабылданған.
Жыл сайын Өзбекстаннан Қазақстан мен Ресейге маусымдық жұмыстарға жүздеген мың өзбек барады. Өткен айдағы үкімет отырысында Өзбекстан президенті Ислам Каримов ішкі істер министрін "өзбек жастарын жұмыспен қамтамасыз ете алмай, оларды шетелде еңбек мигранттары болуға мәжбүрлеп отыр" деп сынға алған еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

20 ақпан 2013, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.