Атырау, 25 қараша 10:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бірінші вице-премьер келді (толықтырылды, ФОТО)

3 300 просмотра

20 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары, ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ Атырауға жұмыс сапарымен келді.

Сапар бағдарламасында – қаланың сол жақ жағалау бөлігіне арналған «Кәріздік-тазарту ғимараты кешеніне», Солтүстік Каспий экологиялық әрекет ету базасына, АМӨЗ-ге, «Жайық Балық» ЖШС-не, «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМК-не бару, сонымен қатар «2012-2020 жылдардағы ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасының аясындағы жергілікті биліктің жұмысымен танысу жоспарланған.

Кәріздік-тазарту ғимараты кешеніне келген кезде Бақытжан Сағынтаев құрылыстары өткен жылы басталған Атырау облысындағы 34 проблемалы нысандар бойынша мемлекеттік сараптама жүргізіліп, жобалау-сметалық құжаттамасы қайта қаралатынын мәлім етті.

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ осыған қатысты проблемаларды айтып өтті:  

- Прокуратурадағылар қаржы полициясы тексеріп жатқан нысандарға біздің күзет қоюға құқығымыз жоқ екенін түсіндірді. Күндіз олар фирманың өз күшімен күзетіліп, түнде талапайға түседі.

Дегенмен, әкім бұл проблема туралы бірде жұртшылыққа жария еткен болатын, шамасы жағдай өзгермеген сыңайлы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 ақпан 2013, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.