Атырау, 2 желтоқсан 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

«Ауру жұқтырған малдың болуы мүмкін емес!»

3 010 просмотра

Батыс Қазақстан облысының 6 ауданында құтырма ауруын жұқтырған малдың анықталғанына қарамастан, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Дәурен ҚАБДОЛОВ ауру жұқтырған мал еті облыстың сауда сөрелерінде болмайтынына сенімді.

- Бұл мүмкін емес, ол жақта малды шығаруға карантин енгізілген, жергілікті ветеринарлық инспектор жағдай жөнінде өз басшылығы мен округ әкіміне хабарлап отырады, ауру жұқтырған мал бірден жойылады. Егер мал иесі жануардың аурулығын жасырып, базарға алып барса да, бірде бір инспектор оған рұқсаттама құжаттарын бермейді, яғни, ондай малды түсіріп алып қалуға да қабылдамайды. Базардағы бірде бір ветеринарлық дәрігер ауру жануар үшін жауапкершілікті мойнына алмайды. Сондай-ақ, еттен зертханада сынақ алады ғой, - деп сендірді ол телефон арқылы. Ветеринарлық инспекция деректері бойынша, малдың 70%-ы бізге Оралдан келеді, 20-25%-ын өзіміз қамтамасыз етеміз, 5-10%-ы бөлінген күйінде шетелден, негізінен Ресейден әкелінеді.

- Оралдан ет әкелуге шектеулер қойыла ма?  

- Бұл турасында ешқандай ресми құжаттар жоқ. Бұған бір қажеттілік бар деп ойламаймын, карантин жарияланған аудандардан (республикалық БАҚ көздері ақпараттары бойынша, бұл Сырым, Қаратөбе, Жанғала, Зеленовск, Бөрілі, Ақжайық аудандары – З.Б.) жеткізу уақытша шектелген, ал қалған аудандарға мұның қатысы жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 ақпан 2013, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.