Атырау, 23 қараша 09:18
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ислам жолын ұстаушылық сәнге көрсетілген құрмет болмауы тиіс – Назарбаев

2 319 просмотра

АСТАНА, 19 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуге мемлекеттік хатшы Марат Тажин, президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев, дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров, сондай-ақ облыстардың уәкілетті имамдары қатысты. 

Елбасы, ислам діні – халқымызды сан ғасырдан бері рухани құндылықтар төңірегіне біріктіріп келе жатқан қасиетті дін екенін атап көрсетті. 

«Тәуелсіздігімізбен бірге ата дініміз қайта оралды, жаңа белеске көтерілді. Діни басқарма елдегі 2228 мешіттің басын қосқан ең іргелі құрылым екенін танытты. Халқымыздың рухани құндылықтар мен мақсаттардың төңірегіне шоғырлануына жағдайлар жасалды. Бүгінде қоғам, әсіресе жастарымыз дінге бет бұрды. Ислам жолын ұстаушылық сәнге көрсетілген құрмет болмауы үшін түсіндірулер жүргізу керек», - деді мемлекет басшысы.  

Дереккөз: newskaz.kz

19 ақпан 2013, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.