Атырау, 23 қараша 09:56
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы құрылады

1 735 просмотра

140-тан астам республикалық, өңірлік және салалық кәсіпкерлік бірлестіктердің басын бірітіріп отырған «Атамекен» Одағы» ҰЭП республикадағы ең ірі бизнес-ассоциациясы деп атап өтті осы ұйымның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ баспасөз брифингінде.

Жалпы, елімізде 800-ге тарта түрлі кәсіпкерлік қауымдастықтар ұйымдары тіркелген. Қазақстанның барлық аймақтары мен ірі қалаларында «Атамекен» Одағы» ҰЭП-ның филиалдары мен өкілдіктері бар. «Атамекеннің» негізгі мақсаттарының бірі – кәсіпкерлік қызметтерді реттейтін заңдарды жетілдіруге ат салысу.
Өткен жылы «Атамекеннің» Кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесіне 400 ұсыныс-шағым түскен. Осы хаттар бойынша жауап қайтарылған, арыз-шағымдар қадағалаушы органдарға жолданған, жекелеген адамдардан келген көптеген ұсыныстар кәсіпкерлікке қатысты заң жобаларын жетілдіру бойынша сарапшылардың назарына алынған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылы Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы құрылады. Үкіметтегі жұмыс тобында концептуалдық тұжырымдама түгел-дерлік талқыланған, енді тек қатардағы азын-аулақ мәселелер қалды. Ақпан айының соңына дейін аталмыш заң жобасының («Қазақстан кәсіпкерлерінің Бірыңғай Ұлттық палатасы туралы» Заң) концепциясы Әділет министрлігіндегі ведомствоаралық комиссияға өткізілетін болады деген үміттеміз. Ұлттық палата құрылғанда кәсіпкерлердің проблемаларын шешу көп жеңілдейді», - деді А.Мырзахметов.

Дереккөз: baq.kz


 

19 ақпан 2013, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.