Атырау, 23 қараша 10:06
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтөбелік діни алауыздықты қоздырғаны үшін абақтыға қамалды

1 862 просмотра

Еліміз жаңадан Бас мүфти сайлаймыз деп даурығып жатқанда, Ақтөбе қаласының тұрғыны діни алауыздықты қоздырғаны үшін 3 жылға абақтыға қамалды. Бас бостандығынан айырылған 50 жастағы азамат, тыйым салынған діни әдебиеттерді дауыстап оқыған көрінеді. 

НҰРЛАН БЕЙСЕНИ, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

Жанбушин Нұрлан ҚР қылмыстық кодексінің 164бабының бірінші тармағы бойынша айыпты деп табылды. 3 жылға бас бостандығынан  айырылған ол, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сарапшылар діни алауыздық тудыратын белгілер тапқан "Дін демократиясы" кітабы, тыйым салынған әдебиеттердің қатарына жатады. Бірақ, оған пысқырып қарамаған сотталушы, бірнеше ай бойы маңайындағы адамдарға осы кітапты  оқып келген. Ақыр соңында құзырлы орындардың қырағы көзіне ілігіп, тіпті оның аталмыш кітапты дауыстап оқып отырған сәт бейнекамераға жазып алынған. Алғашында прокурор айыпталушыға 5 жыл беруін сұраған. Кейін оның өз кінәсін мойындағаны және артында қалған үш баласы ескеріліп, одан аз мерзім берілген.

Дереккөз: 31 арна

19 ақпан 2013, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.