Атырау, 10 қазан 16:36
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Сирия билігі мен оппозициясы БҰҰ қабырғасында келіссөзді бастауы мүмкін

1 668 просмотра
 
Сирия билігі мен оппозициясы БҰҰ қабырғасында келіссөздерін бастауы мүмкін.

БҰҰ мен Араб елдері лигасының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Лахдар Брахими бүгін осындай ұсыныс жасады.

«Сирия билігі мен оппозициясы арасындағы келіссөзді БҰҰ қабырғасынан бастау керек. Бұл дағдарысты реттеуге мүмкіндік беретін диалогтың орнауына септігін тигізіп қалар, бәлкім», - деді ол Каирде Арабаралық қауымдастықтың бас хатшысы Нәбіл әл-Арабимен кездесуде.

Оның айтуынша, өткен аптада Сирияның оппозициялық және революциялық күштерінен жасақталған ұлттық коалиция (ОРКҰК) жетекшісі, шейх Ахмет Муаз әл-Хатыб  көтерген бастамасында: «Бұған мүмкіндік бар. Ал әлем қауымдастығы оның сәтті шығуына көмектесуі тиіс», - деген болатын.  muslim.kz сайтының жазуынша, бұрын ОРКҰК жетекшісі «мыңдаған бейбіт тұрғынның өмірін сақтап қалу үшін» билікпен келіссөз жүргізуге дайын екендіктерін мәлімдеген еді.

«Дамаск жанжалды бейбіт жолмен шешкісі келетінін және диалогқа дайын екенін жеткізді», - деді алжирлік дипломат.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 ақпан 2013, 22:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.