Атырау, 13 желтоқсан 05:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Рафаэль Корреа жеңіске жетті

2 640 просмотра

Эквадордағы президенттік сайлауда Рафаэль Корреа қайта жеңіске жетті. 

Сайлау бөлімшелеріндегі бюллетеньдерді санау барысында Корреаға электораттың 59 пайыздан астамы дауыс берген. Осылайша саясаткер өзінің басты қарсыласы 23 пайыз дауыс жинаған Гильермо Лассоны басып озды. Нақты сайлау қорытындысы кешке жариялануы тиіс.

Р.Корреа 2009 жылы президенттік сайлаудың бірінші турында-ақ саяси тартыстың жеңімпазы атанған еді. Биылғы басты саяси додада өз үміткерлерін қолдап, 11,6 миллионнан астам азамат дауыс беруі жоспарда болған. Сайлау күні елде дүкендерде шарап сатуға тиым салынды.

Дереккөз:24 KZ

18 ақпан 2013, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.