Атырау, 11 желтоқсан 02:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жалған құжат жарға жықты

2 616 просмотра

Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) заңсыз мұнай саудасына күдіктелген бірнеше компания басшыларына қатысты бірқатар қылмыстық істер қозғады.

Қаржы полициясының хабарламасында тағы да «Реtrоlinе» ЖШС бой көрсетті. Естеріңізге салсақ, бұрын осы компанияға қарсы ҚР ҚК-нің 183-1 бабының 2-тармағына («мұнайды заңсыз иелену, тасымалдау, сату») сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын ( «АЖ» №3, 17.01.13 ж.,  «Тоқта, паровоз» жарияланымын қараңыз).

Бұл жолы ҚК-тің сол бабы бойынша «Спаргапис Массагет», «Мақат Мұнай Өнімдері», «Альтаир и К», «Альфа 2011» ЖШС басшыларына қарсы қылмыстық істер қозғалды.

«Қазақмыс Петролеум» ЖШС-нің жалған құжаттарын пайдалана отырып, олар 2012 жылдың шілдесі-қыркүйегі аралығында 183 949 777 теңге сомасында жалпы салмағы 1 680,652 тонна болатын мұнай және мұнай өнімдерін алуды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асырған», - деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 ақпан 2013, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.