Атырау, 25 сәуір 14:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Паралимпиадалық спортшы Оскар Писториус қамауға алынды

1 620 просмотра

Оңтүстік Африка Республикасы таяуда қапыда қаза тапқан модель Рива Стинкап түскен бағдарламаны халық назарына ұсынды. 

Ол паралимпиадалық спортшы Оскар Писториустың сүйікті қызы еді. Ақпанның 14-і күні спортшының үйінен модельдің өлі денесі табылды. Полицияның келтірген деректері бойынша, бойжеткен жігітін таң қалдырмақ болып, үйіне терезеден жасырын кірген. Ал спортшы оны қарақшы екен деп, есіктің сыртынан оқ жаудырыпты. Қазір Оскар Писториус адам өлтіру дерегі бойынша қамауға алынды. Спортшының өзі және туыстары қайғылы оқиғадан әлі ес жия алмай отыр. Спортшыға қатысты сот отырысы келер аптаға жоспарланған.

Дереккөз: 24.kz

17 ақпан 2013, 22:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.