Атырау, 23 қараша 10:21
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық режиссердің «Үндестік сабақтары» фильмі Берлинде «Күміс аюды» иеленді

1 926 просмотра

Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» кинокартинасы үздік операторлық жұмыс үшін «Күміс аюды» иеленді, бұл жөнінде кинофествальден твиттер-таратылым кезінде kinopoisk.ru өз ресми аккаунтында мәлімдеді. 

Берлин кинофестивалінің қытайлық режиссер Вонг Кор Вайдың басшылығындағы қазылар алқасы бас жүлделердің – алтын және күміс «аюлардың» иелерін атады. Беделді кинофестивальге барлығы 19 фильм қатысты. «Үндестік сабақтары» – Берлиналенің ресми конкурстық бағдарламасына енген тұңғыш отандық туынды.

7-17 ақпан аралығында Берлинде өтіп жатқан 63-ші Халықаралық кинофестивальде қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің толықметражды «Үндестік сабақтары» фильмі "Күміс аюды" иеленді.

«Күміс аю» үздік операторлық жұмыстан өзге, үздік режиссура, үздік актриса, үздік актер, фильмдегі үздік музыка номинациялары бойынша да беріледі.

Берлин халықаралық кинофестивалі жыл сайын өтеді және озық геосаяси кинематографияға бейімделген.

Кинотуындылардың тұсаукесері Берлинале сарайында өтті.  

Дереккөз: bnews.kz

17 ақпан 2013, 21:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.