Атырау, 23 наурыз 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Метеориттің құлауынан зардап шеккендердің саны 1,2 мың адамға жетті

2 000 просмотра
 
Челябі облысында метеориттің құлауынан зардап шеккендердің саны 1,2 мың адамға артты, деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі РФ-ның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Шыны сынықтарынан 1145 адам жарақаттанды, соның 50-і емдеу мекемелеріне жатқызылды. Оқиға салдарынан 2962 нысан зардап шекті, оның 34-і денсаулық сақтау, 11-і әлеуметтік қорғау мекемесі, 361-і мектеп пен балабақшалар», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні метеоритті жаңбыр Челябі, Түмен, Қорған және Свердлов облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тіркелді. Метеориттің құлауынан келтірілген материалдық шығын алдын ала жасалған болжам бойынша, 1 миллиард рубльдан (33,2 млн. доллар) асады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 ақпан 2013, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.