Атырау, 23 қараша 10:36
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы облысында ҰҚКД аудандық бөлімінің ғимаратына оқ жаудырылды, күдікті ұсталды

2 129 просмотра

ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысының полицейлері ҰҚКД Алакөл аудандық бөлімінің әкімшілік ғимаратына қарудан оқ атқан ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды жұмада облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 Ведомствоның мәліметінше,  облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Мұратбек Құмарбеков оқиға орнына шұғыл түрде жетті. Ол жедел-тергеу бригадасын басқарды. 

«Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті және одан жауап алынуда. Күдікті, 31 жасар жергілікті тұрғын, бұрын сотталмаған азамат, өз кінәсін мойындап, алкогольдік ішімдіктің әсерінен мас күйде болып, бұзақылық жасау мақсатында аңшылық қарудан екі рет оқ атқанын айтты», – деді К.Нұрахмет. 

Анықталғандай, оқ ату салдарынан әкімшілік ғимараттың қабырғасы мен металл есігіне аздаған зақым келген. Факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.  

Дереккөз: newskaz.kz

15 ақпан 2013, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.