Атырау, 25 қараша 10:14
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өткелден апалы-сіңлілі қыздарды қағып кетті

3 645 просмотра

14 ақпанда 11 сағат 30 минутта Атырауда Әлиев – Алтынсарин көшелерінің қиылысы маңындағы жаяу жүргінші өткелінде 30 жастағы «Лада» ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі 23 жастағы қыз бен оның 5 жастағы сіңлісін қағып кетті.  Апалы-сіңлілердің екеуі де облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бұған куәлікті жылдамдықты арттыру мен жақында ғана алған жүргізушінің тәжірибесіздігі себеп болған.

Сол күні Атырау – Құлсары тас жолында жолаушылар «Газелі» жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол есін жимаған күйі оқиға болған орында көз жұмды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 ақпан 2013, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.