Атырау, 26 желтоқсан 22:22
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

БАҚ ақша төлегенге тиесілі (толықтырылды)

4 477 просмотра

"Атырау-Ақпарат" КМК ғимаратыМемлекеттік қатысы бар 2 облыстық және 7 аудандық газет «Атырау-Ақпарат» КМК-дан «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не өтті.

- «Атырау-Ақпарат» КМК шығынды кәсіпорын, сондықтан да жағдайды сауықтыру үшін жаңа басқару нысанына көшірілді,- дейді Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия ҚЫСТАУБАЕВА.КМК-ны қайта ұйымдастыру мәселесі әзірге ашық күйде және ол қазір өз қызметін жалғастыруда.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС өткен жылдың соңында тіркелген болатын, 2 облыстық және 7 аудандық газет ҚР Ақпарат комитетінде кері тіркеуден өтіп болды. Барлық газеттер бұрынғы форматта жұмыс жасай береді. ЖШС-тің құрылтайшысы ішкі саясат басқармасының тұлғасында облыстық әкімдік болып табылады. Серіктестік директоры болып Айбек ӨТЕШОВ тағайындалды. Ол бұрын облыстық әкім аппаратында бас маман, содан кейін бір ЖШС-те заңгер болып жұмыс жасаған.

А. Қыстаубаеваның айтуынша, газеттердің жеке кәсіпорын санатына көшірілуінің тағы бір себебі – «Атырау-Ақпарат» КМК-ның газет шығаруға өкілеттілігі жоқ.

- 2012 жылғы 10 қыркүйекте облыстық монополияға қарсы инспекцияның сәйкесінше бұйрығы шыққан, - дейді ол.

Өз кезегінде Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияның бастығы Нұрлан ТАУБАЕВ «Атырау-Ақпарат» КМК 2011 жылғы 1 наурызда шыққан Мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес, өз қызметін әрі қарай жалғастыруға келісім ала алмағаны жөнінде түсіндірді:

- Бұйрық неге өткен жылы шықты дейсіз бе? Біз өтінімдерді қолдаухаттардың түсу мерзімдеріне қарай қараймыз, ал құжаттармен танысу үшін уақыт керек.

«Атырау-Ақпарат» КМК-нің бас есепшісі Айтжан ӨТЕШОВТІҢайтуынша (ЖШС-тің жаңа директорымен бір тектес), бүгінгі күні КМК-нің қарыздары 53 млн теңгені құрайды, негізінен бұлар - салықтар мен жеткізушілер алдындағы бережақтар.  

Сондай-ақ, КМК-нің мойындалмаған қарыздары да бар, мәселен, КМК ғимараты мен баспаханасын жекешелендіріп, соңынан барлық редакцияларға, сонымен қатар телеарналарға кері жалға берген «Мистоль» ЖШС алдындағы қарыздар.

- Тоғыз газетті жылдық басып шығару мөлшеріндегі қарыз мойындалмады. Бұл мәселені әкімдік шешіп жатыр, - деді КМК бас есепшісі.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы ҚР бас прокуроры Асхат ДАУЫЛБАЕВ Атырау облысының активінде «Атырау-Ақпарат» КМК-ның баланстық құны 707 млн теңге тұратын ғимараты мен жабдықтарын 231 млн теңгеге жекешелендіргенін айтқан болатын.

- Нәтижесінде бұрын осы ғимаратта орналасқан мемлекеттік кәсіпорын осы ғимараттан орынжай мен жабдықты жалға алуға мәжбүр болды... Тек бір жыл ішінде «Атырау-Ақпарат» мемлекеттік кәсіпорны осы жеке кәсіпкерлерге 120 млн теңге төлеген. 231 млн-ға сатып, тек бір жыл ішінде жалға алғаны үшін 120 млн теңге төледі – деген болатын бас прокурор («Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында» мақаласын қараңыз).

Жыл сайын облыстық бюджеттен «Атырау Ақпарат» КМК үшін орта есеппен 168 млн теңге бөлініп келді. Алайда бұл (тек жергілікті 9 мелекеттік газеттерге жұмсалған қаржы шығар) «АЖ»-тың мәліметтері бойынша, соңғы он жылда облыстық әкімдіктің қызметін басқа БАҚ-тарда, соның ішінде республикалық ақпарат көздерінде жарыққа шығаруға арналған ақпараттық тендерлерден кейін ұшты-күйлі жоғалған шамамен 800, 700, 500 миллион теңге ақшамен салыстырғанда ұсақ-түйек нәрсе. Айтпақшы, 2013 жылы сондай-ақ «басқа БАҚ-тарға» (сенімге кірген және тек мадақтайтын деп оқыңыз) 186 млн теңге бөлінген.

Неге қазір ЖШС нысаны таңдалды? Осы сұраққа А. Қыстаубаева былайша жауап берді:

- ЖШС - шаруашылық жүргізуде өзін өзі басқаруға ыңғайлы нысан. Болашақта қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр.

 Сәуле ТАСБОЛАТОВА

P.S. Осы жылдың 18 ақпан күні Төлеген БЕРІШБАЙ серіктестік директоры болып тағайындалды. Ол бұрын облыстық және аудан газеттерінде, парламент мәжілісінің аппаратында жұмыс істеп, облыстық телевидениеде басшылық етті. Соңғы 10 жылдан бері қарай «ТШО» ЖШС-нің «ТШО Жаңалықтары» корпоративтік газетін шығарып отыр.

15 ақпан 2013, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.