Атырау, 23 қараша 10:13
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қостанай облысының тұрғындары метеориттің құлауының куәсі болды

2 029 просмотра

ҚОСТАНАЙ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының тұрғындары ерекше құбылыс - метеориттің құлауын өз көздерімен көре алды.

Аспан денесінің ұшу траекториясын облыс орталығының, Рудный қаласының және өңірдің бірнеше ауданының тұрғындары көре алды.

Ерекше құбылысқа куә болғандардың айтуынша, метеорит батыс бағытқа қарай құлаған. Адамдар аспанда артынан түтін ізін қалдырып отырған жалындаған алып шар ұшқандығын айтуда. Көбісі ұшақ құлап барады деп ойлаған. Адамдар сондай-ақ қатты гүрсілді естіген.

Ресейлік интернет-БАҚ-тардың хабарлауынша, метеорит Сатка қаласының аумағына құлаған. Қостанай облыстық ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, метеориттің құлауы облыс тұрғындарына еш залал әкелген жоқ.

Дереккөз: inform.kz

15 ақпан 2013, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.