15 ақпанда Челябинскдегі жарылыс толқынының нәтижесінде үйлердің терезелері қираған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Ғимараттан адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде.
Куәгерлердің айтуынша, Челябинск, Екатеринбург және Тюмень қалаларының көгінен жарылыстар тіркелген. РФ ТЖМ Бас басқармасы хабарлағандай, Свердловск, Челябинск және Тюмень облыстарында аспан төрінен жалындаған объектілердің қалай құлағанын көріпті. Алдын ала ақпараттар бойынша, оған метеорит жауыны себеп болуы мүмкін, деп хабарланған ТЖМ сайтында. Ал куәгерлер болса, аспанда ұшақ немесе зымыран жарылған болуы керек деп жорамал жасайды.