Атырау, 4 қараша 18:43
 дождьВ Атырау +15.1
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58

Қызылорда облысында үш жасөспірім оқ тиіп ауруханаға жеткізілді

1 947 рет қаралды

Қызылорда облысында кәмелетке толмаған үш жасөспірім оқ тиіп ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 15 желтоқсанда сағат 18.00-де Қармақшы ауданы Төретам ауылындағы аялдамалардың бірінде болған. 

"Жасөспірімдер медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген ведомствоның баспасөз релизінде. 

Полицейлер күдіктілерді ұстады. 

"Бүгінде бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Қажет сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қызылорда облысының ПД өкілдері. 
16 желтоқсан 2021, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.