Атырау, 25 желтоқсан 14:00
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

2 206 рет қаралды
Cурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.
Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп Қ.А. Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Антикордың айтуынша, қазір ұсталған адамды Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүріп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.

Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігі үшін қол жетімсіз болу шараларын қабылдайды және елден тыс жерлерде жасырынып жүр.

15 желтоқсан 2021, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.