Атырау, 5 қазан 13:20
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

БЖЗҚ басшысы зейнетақы жинағын қалай қолданатынын айтты

1 820 просмотра

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы жинағын қалай қолданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен қазіргі жеткілікті шек деңгейі бойынша да, жаңасы бойынша да зейнетақы жинағымды қолдана аламын, бірақ оны жоспарламаймын. Халықаралық тәжірибеге және жеке тәжірибеме сүйене отырып, бұл ақша болашақ зейнетақыға арналғанын білемін", - деді Құрманов мәжіліс аясында журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, Жанат Құрманов 59 жаста. 2022 жылдың ақпанында ол 60 жасқа толады. 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданыста болған 59-62 жастағы азаматтар үшін жеткілікті шек 5 миллион 560 мың теңге болады. 1 сәуірден бастап ол 9 миллион 120 мың теңгеге дейін өседі.

15 желтоқсан 2021, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.